Жұмабек Қуанышбайұлын еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Жұмабек Қуанышбайұлын еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті
24
март
2023

Жұмабек Қуанышбайұлын еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті

Ақсу ауылында 2010-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күрестен ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ КСР спорт шебері Жұмабек Қуанышбайұлын еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті. Жарыс басталмас бұрын «Ақсу» спорт кешеніндегі күрес залына Ж.Қуанышбайұлының есімі берілді. Әрмен қарай тартысқа толы белдесулермен жалғасын тапты. Жарысқа ауданның әр өңірінен 12 команда, 150-ге жуық спортшы қатысты.
Шараның шымылдығын Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Сабырбаев Амандос Ақышұлы алғысөзімен бастады.
– Жұмабек ағамыздың дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға көп жылғы еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеп, олардың тұлға ретінде қалыптасуына қосқан үлесі өте зор. Еңбек жолы мен жеткен жетістіктері болашақ ұрпаққа үлгі, өнеге. Жарыстың мақсаты – жастарды спортқа, отаншылдыққа баулу, жазушы әрі спортшы ағамыздың ерліктерін насихаттай отырып, өскелең ұрпақтың ерік-жігерлерін күшейту. Сондықтан да бүгінгі өткізіліп отырған турнирдің маңызы өте зор, – дей келе, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Жұмабек ағамыздың шәкірттері, айтар болсақ, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саятхан Құдайбергенов Ақсу ауданыңда еңбек етіп жүрген бірқатар жаттықтырушыларды жоғары дәрежедегі дипломдармен марапаттады. Ал күрес десе ішкен асын жерге қоятын М.Уәлиев, А.А.Ғалымжанов, А.Қ.Тергеубаев, М.Нақышев ұлтын, өз ісін шексіз сүйген азаматтың өмірінен тебіреністі естеліктер айтып, жас балуандарды шабыттандырды.
Ақсу жерін дүбірге бөлеген балғын балуандар кіл мықтыны анықтап, бозкілемнің шаңын қақты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Мақтау қағаздарымен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетсек Жұмабек Қуанышбайұлы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 1996-2009 жылдары аралығында АӘД пәні мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Материал "Талдықорған" газетінен алынған