Кезекті бірлескен рейд. » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
08
апрель
2023

Кезекті бірлескен рейд.

2023 жылдың 07 - 08 сәуірінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, "Редан" балалар сектасының жағымсыз әсерінің алдын алу мақсатында облыстық білім басқармасы, облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы барлық аудан, қалада «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік шарасы өткізілді. Алғашқыда рейдтік шара қала бойынша "сәтсіз отбасы" есебінде тұрған балалардың үйіне жүргізілсе, сағат 22:00-ден бастап компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, саябақтар мен жағажайларда және көпқабатты үйлердің ауласына ұйымдастырылды. Рейд барысында мектебімізден кәмелетке толмаған балалар тіркелген жоқ. Аталмыш шара осы күндері жалғасын табуда.