Мероприятие » Страница 5 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
«Террористік акт кезіндегі іс-әрекет»
01
октябрь
2025
«Террористік акт кезіндегі іс-әрекет»
Қауіпсіздік – басты назарда Мектебіміздің АӘТД пәнінің оқытушысы Б. Байжұманов ұжымға «Террористік акт кезіндегі іс-әрекет» тақырыбында арнайы нұсқаулық өткізіп, қауіпсіздік алгоритмімен таныстырды. Шара барысында төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау, қауіпті аймақтан шығу, құқық қорғау органдарының талаптарын орындау және жеке қауіпсіздікті сақтау жолдары түсіндірілді. Мұндай шаралар ұжымның қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға ықпал етеді.
Кәсіптік бағдар: «Шеберлік құпиялары»
30
сентябрь
2025
Кәсіптік бағдар: «Шеберлік құпиялары»
Талдықорған сервис және технология колледжі шеберлерінің «Шеберлік құпиялары» жобасы мектеп оқушыларына жаңа мүмкіндіктер сыйлады Бүгін Талдықорған сервис және технология колледжінің оқытушылары мен студенттері қаламыздағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейінде шеберлік-сынып өткізді. Іс-шараның мақсаты – ТжКББ жүйесінің бірыңғай миссиясы мен құндылықтарын насихаттау, педагогтер мен студенттерді жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру идеясы төңірегінде біріктіру, сондай-ақ
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орын
29
сентябрь
2025
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І
Мектебіміздің ұстаздар командасы Жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен мектеп қызметкерлері арасында өткен жарыстарда 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынды жеңіп алып, 300 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Құттықтаймыз!
"Салауатты өмір -жарқын болашақ"
27
сентябрь
2025
"Салауатты өмір -жарқын болашақ"
Біртұтас тәрбие жоспарына сай 2025 жылдың 26 қыркүйек күні "Облыстық психикалық денсаулық орталығы", "Талдықорған қалалық емхана", "Жастар денсаулық орталығы" және "Облыстық наркологиялық диспансер" мамандары мектебіміздің 7 сынып оқушарымен "Салауатты өмір -жарқын болашақ" тақырыбында кездесу өткізді. Шара барысында алкоголизм, нашақорлық, электронды темекі, насывай, энергетикалық сусындардың зияндылығы туралы және буллинг-кибербуллингтің алдын алу жайында дәріс өткізіп, оқушыларды салауатты
«Мен спортты таңдаймын: Есірткісіз болашақ!»
26
сентябрь
2025
«Мен спортты таңдаймын: Есірткісіз болашақ!»
26 қыркүйек күні 7 сынып оқушылары арасында «Мен спортты таңдаймын: Есірткісіз болашақ!» - спорттық жорықтар мен ойындар өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіден алшақ болуға шақыру болды.
«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» - әкелер жиналысы
26
сентябрь
2025
«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» - әкелер жиналысы
25 қыркүйек 2025 жылы мектебімізде жалпы мектепішілік әкелер жиналысы өтті. Жиынның басты тақырыбы – балалардың қауіпсіздігі мен қоғам болашағы. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Жетісу облысы полиция департаменті, Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Белгібаева Аида Елеуқызы келіп, мазмұнды видеолар көрсетіп, жиналысты TEDx форматына сай ерекше өткізді. Бұл жиналыстың тағы бір ерекшелігі, әкелер ұл-қыздарымен келді. Балалар арасында ойындар жүргізіліп,
“Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі” байқауында жүлде алдық!
25
сентябрь
2025
“Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі” байқауында жүлде алдық!
25.09.2025 күні қалалық  “Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі” атты дарынды балалар арасында өткен байқаудың “Жазушы ізімен жас қаламгерлер” бағыты бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы  Альмешева Алина Дмитриевна жүлделі 2- орын, жетекшісі Жадрашова Айкерім Қанатқызы, “Туындыдан туған ой” бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Қабден Айзада жүлделі 3- орын алды. Жетекшісі Садуакасова Анар Доспаевна. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!  
«Болашақ маман иесі болу үшін не істеу керек?» тақырыбында TED форматта кездесу
24
сентябрь
2025
«Болашақ маман иесі болу үшін не істеу керек?» тақырыбында TED
“Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі” КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие жоспарына сай мектеп әкімшілігі мен “Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор” жобасының бірлескен жұмысы аясында 10-11 сынып оқушыларымен «Болашақ маман иесі болу үшін не істеу керек?» тақырыбында TED форматта кездесу өткізілді. Іс-шараға SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінің маманы – Ераділ Бану Ержанқызы арнайы қатысып, оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы мен болашақтағы
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
23
сентябрь
2025
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
2025 жылдың 23 қыркүйек күні педагогикалық ұжыммен  «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында  жиналыс өткізілді. Мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру. Жиналыс барысында« Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін алты құндылықтарға негізделген іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы сонымен қатар бағдарлама шеңберіндегі маңызды іс-шараның бірі – қауіпсіздік сабақтарын енгізу жайында да тоқталып өттілді. Сынып
«Еңбек-түбі береке» сурет байқауы
22
сентябрь
2025
«Еңбек-түбі береке» сурет байқауы
Біртұтас тәрбие жоспарына сай «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Еңбек-түбі береке» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Назарларыңызға үздік шығармаларды ұсынып отырмыз.