Мероприятие » Страница 4 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
“Айдахарды қалай қолға үйретеміз?”
30
июль
2025
“Айдахарды қалай қолға үйретеміз?”
Кино күні!  Бүгін мектебіміздің жоғары сынып оқушылары қаламыздағы кинотеатрға барып, “Айдахарды қалай қолға үйретеміз?” атты фильмді тамашалады.  Балалар ғажайыптар мен қиялға толы әлемге сапар шегіп, нағыз достық пен батылдықтың не екенін тағы бір мәрте сезінді. Көңілді, әсерлі сәттерге толы бұл күн балалардың есте қаларлық жазғы естеліктерінің бірі болды!  
Өнер мен тарихтың ізімен…
29
июль
2025
Өнер мен тарихтың ізімен…
Жазғы алаң балаларына қаламыздағы мұражайлар мен көркемөнер галереясына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар өткен тарихпен, ұлттық мәдениетпен және сурет өнерінің қыр-сырымен танысты.  Балалар жаңа деректер біліп, сұрақ қойып, қызығушылықпен тыңдады. Мұндай саяхаттар жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамытып, елге деген сүйіспеншілікті арттырады.
Кино - құпияға толы сюжет
28
июль
2025
Кино - құпияға толы сюжет
Бүгін жоғары сынып оқушылары қаламыздағы кинотеатрда “Өткен жазда не істегеніңді білемін” атты триллер жанрындағы фильмді тамашалап, ерекше әсерге бөленді.  Құпияға толы сюжет, күтпеген оқиғалар мен шиеленіске толы сәттер оқушыларды бір сәтке де экраннан көз алмай қарауға мәжбүр етті. Фильм аяқталғаннан кейін де пікір алмасып, кейіпкерлер тағдырын талқылап жатқандары – көрген әсердің дәлелі.
Табиғат аясындағы тамаша күн!
25
июль
2025
Табиғат аясындағы тамаша күн!
Табиғат аясындағы тамаша күн! Жазғы алаң балалары бүгін таза ауада серуендеп, түрлі қимылды ойындар ойнады. Табиғат аясында өткізілген белсенді демалыс балаларға сергектік пен көтеріңкі көңіл-кдомсыйлады. Ойын барысында олар бірлік пен достықты, шыдамдылық пен жылдамдықты шыңдады. Күннің әр сәті қызықты әрі есте қаларлықтай өтті!  
Кино-тайм
24
июль
2025
Кино-тайм
Жазғы алаң балалары қаладағы кинотеатрда “Zero. Qaryz” фильмін тамашалады. Бұл фильм терең ойландыратын әрі маңызды тақырыптарды қозғайды. Балаларымыздың санасын кеңейтетін, өмірлік маңызды сабақтар беретін ерекше күн болды. Осындай мәнді шаралар жалғасын табады!  
Тарихпен танысу – рухани байлық!
23
июль
2025
Тарихпен танысу – рухани байлық!
Бүгін жазғы алаң балалары үшін қаламыздағы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Балалар туған өлкенің тарихымен, мәдениетімен, ұлы тұлғалармен және археологиялық құндылықтармен танысып, тарихи деректерге қанықты. Мұражай ішіндегі көне жәдігерлер мен фотоматериалдар жас ұрпаққа үлкен қызығушылық тудырды. Саяхат балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.   
Жаз мезгілі керемет!
22
июль
2025
Жаз мезгілі керемет!
Жаз мезгілі керемет! Бүгін жазғы алаңның балалары қаламыздағы бассейнге барып, шомылып, көтеріңкі көңіл-күймен керемет уақыт өткізді! Су серуені балалар үшін әрі сергітерлік, әрі қызықты өтті. Ашық аспан астындағы шат-шадыман сәттер олардың жазғы демалысын жарқын естеліктермен толықтырды.  https://www.instagram.com/p/DMZ3ClBin7l/
Жазғы алаң – рухани тәрбие көзі!
21
июль
2025
Жазғы алаң – рухани тәрбие көзі!
Жазғы алаң – рухани тәрбие көзі! Бүгін жазғы алаң балаларына қазақтың аты аңызға айналған балуаны, Әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы “Қажымұқан” көркем фильмі көрсетілді. Батыр бабамыздың ерлігі мен қайсарлығы балаларға үлкен әсер сыйлады.
Жазғы демалыс – белсенділік пен сергектіктің кепілі!
18
июль
2025
Жазғы демалыс – белсенділік пен сергектіктің кепілі!
Жазғы алаң аясында мектебіміздің оқушылары қызықты күн өткізді. Алдымен балалар түрлі спорттық ойындар ойнап, командалық рухтарын нығайтты. Одан кейін, қаламыздағы “Family Park” бассейніне барып, шомылып, жаздың аптап ыстығында салқындап қайтты.  Мұндай белсенді демалыс балалардың денсаулығын нығайтып, жақсы көңіл-кдомсыйлайды!
Тарихпен танысып, табиғат аясында демалыс!
17
июль
2025
Тарихпен танысып, табиғат аясында демалыс!
Бүгін жазғы алаң оқушылары Ілияс Жансүгіров атындағы мемориалды мұражайына барып, Алаш арысының өмір жолымен, шығармашылығымен жақын танысты. 🖼️ Мұражай қызметкерлері қызықты экскурсия өткізіп, балалардың білім көкжиегін кеңейтті. Экскурсиядан кейін оқушыларымыз қаламыздың көркі – орталық саябаққа барып, серуендеп, таза ауада демалып, көңілді уақыт өткізді. Жазғы демалыс – тек ойын ғана емес, таным мен тәрбие уақыты!