26
сентябрь
2025
«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» - әкелер жиналысы
25 қыркүйек 2025 жылы мектебімізде жалпы мектепішілік әкелер жиналысы өтті. Жиынның басты тақырыбы – балалардың қауіпсіздігі мен қоғам болашағы.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Жетісу облысы полиция департаменті, Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Белгібаева Аида Елеуқызы келіп, мазмұнды видеолар көрсетіп, жиналысты TEDx форматына сай ерекше өткізді. Бұл жиналыстың тағы бір ерекшелігі, әкелер ұл-қыздарымен келді. Балалар арасында ойындар жүргізіліп, полиция тарапынан сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар жиналысқа қатысқан Талдықорған қаласы білім бөлімінің бас маманы Джакубаева Ұлжанат Әуелханқызы әкелерді жауапкершілікке шақырып, оң бағасын беріп кетті.
Бұл басқосу әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерге бармауына және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!