«Жетісудың спорт саңлақтары»
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 2025 жылдың 13 наурыз күні Талдықорған қаласындағы №18 орта мектеп-лицейінде «Жетісудың спорт саңлақтары» атты елімізге танымал спортшылармен кездесу өткізілді. Кездесуге Жетісу өңірінен шыққан, бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Азия чемпионатының жүлдегері Тұрсынбек Анар мен Әлем чемпионы Зейноллаева Аружан келіп, құрметті қонағы болды. Сондай-ақ әртүрлі спорт түрлерінен облысымыздың, еліміздің намысын қорғап жүрген, мектебіміздің