Информация » Страница 70 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
«Менің мектебім буллингке қарсы!»
20
май
2023
«Менің мектебім буллингке қарсы!»
19.05.2023 күні еліміз бойынша «Менің мектебім буллингке қарсы!» ұранымен жалпы республикалық флешмоб өткізілуде. Осы орайда мектебіміздің белсенді оқушылары флешмобқа қатысып, өздерінің БУЛЛИНГЕ қарсылығын білдіріп жатыр! Толығырақ: https://www.instagram.com/p/CsaU2t2g_Tb/?hl=ru  https://www.instagram.com/p/CsaTl6FA2of/?hl=ru #біздіңмектепбуллингкеқарсы   #stopbullying
"Абайланыз балалар!"
19
май
2023
"Абайланыз балалар!"
Талдықорған қаласының аумағында ағымдағы жылдың 15-31 мамыр аралығында "Абайланыз балалар!" республикалық жедел профилактикасы өткізілуде. Осы орайда мектебіміздің жас кадеттері жол ережесін сақтау туралы дәріс сағаттарын өткізді.
“Жетісу дарыны” орталығының Алғыс хатымен марапатталдық
18
май
2023
“Жетісу дарыны” орталығының Алғыс хатымен марапатталдық
Облыстық байқауларда жүлдегер шәкірттер дайындағаны үшін Облыстық “Жетісу дарыны” орталығының Алғыс хатымен мектебіміздің мұғалімдері марапатталды. Олар: технология пәнінің мұғалімі Бауыржан Төкенұлы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Анел Мұратханқызы, Айдана Бимуханбетқызы, Гүлдана Бейсенбайқызы.  
Абенова Айдана Бимуханбетовна "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты төсбелгісімен марапатталды
18
май
2023
Абенова Айдана Бимуханбетовна "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты
"BILIM-ORKENIETI" ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен өткізілген "Ана тілім айбыным" атты республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған Тоқан Ақнұр Бағдатқызы І дәрежелі дипломмен, жетекшісі Абенова Айдана Бимуханбетовна "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты төсбелгісімен және куәлікпен марапатталды. Құттықтаймыз!  
"Пара берсең жазаланасың"
17
май
2023
"Пара берсең жазаланасың"
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Осы орайда "Адал ұрпақ" клубының белсенді мүшелері мекеме қызметкерлеріне, ата-аналарға және қала тұрғындарына "Пара берсең жазаланасың" атты жадынама таратты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға әр азамат үлес қосу керектігін есептесек, қылмыстың бұл түріне қарсы жаппай қоғамдық иммунитет қалыптастыру мен кешенді шаралар әзірлеу басты назарда болғаны жөн. Жадынама
Панкратионнан Халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көріндік!
16
май
2023
Панкратионнан Халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көріндік!
Панкратион жекпе-жегінен Алматы қаласында өткен "Saq Pankration Ligasy" халықаралық турнирінде 10б кадет сыныбы оқушысы Айтмұханбет Әбілмансұр І орынға, 10ә сынып оқушысы Әділхан Арсен және 7а сынып оқушысы Ерболұлы Ерсұлтан өз салмақ дәрежелерінде ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!   
"Адал ұрпақ - ұлт болашағының кепілі"
15
май
2023
"Адал ұрпақ - ұлт болашағының кепілі"
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлық іс-қимыл агенттігінің бастамсымен "Адал ұрпақ - ұлт болашағының кепілі" тақырыбында мектебімізде бірыңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді. Мақсаты- оқушыларға адалдық ұғымын ұғындыру, адамгершілік, бауырмалдық, шынайылық қасиеттерін бойларына сіңіру. Халықтың мүддесін өз мүддесінен артық қоя алатын, білімді, тәрбиелі, парасатты ұрпақ тәрбиелеу.
«Жасыл мекен» республикалық челленджі
13
май
2023
«Жасыл мекен» республикалық челленджі
Елімізде «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтіп жатыр! "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" демекші аталмыш шараның басты мақсаты: экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағыттау болып табылады. ​https://www.instagram.com/p/CsK-ZQOgNPS/?hl=ru​​​ #оқуағарту #заботаоприроде #табиғаттыаяла #посадкадерева #талотырғызу #жасылмекен #еңбекқорлық 
"Қоңырөлең" атты поэзия кеші
12
май
2023
"Қоңырөлең" атты поэзия кеші
Мектебіміздің жыр сүйер оқушылары Жетісу облысы "Janr" әдеби клубы ұйымдастырған ақын Гүлбақыт Қасеннің ақшамдағы "Қоңырөлең" атты поэзия кешінде өз өнерлерін көрсетіп, ерекше дарындылықтары үшін облыстық Дипломмен марапатталды. Олар: Данабай Әлібек, Нұрқасым Мубина, Нұрдәулет Ерасыл, Адельбаева Бибинұр. Сондай-ақ жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айкерім Жадрашова Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
"Абай, Шәкәрім оқулары" байқауында топ жардық!
11
май
2023
"Абай, Шәкәрім оқулары" байқауында топ жардық!
Мектебіміздің оқушылары қалалық "Абай, Шәкәрім оқулары" байқауында топ жарды! Байқау 6 номинация бойынша өткізілді. 1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 9а сынып оқушысы Данабай Айжан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі А.Ж.Болысбекова. 2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 7г сынып оқушысы Ноғайбай Досым ІІ орынға ие болды. Жетекшісі А.Д.Садуақасова. 3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша 9в сынып оқушысы Мұрат Аяулым жүлделі ІІ орын.