26
октябрь
2023
"Qamqorshylar kuni" қарсанындағы іс-шара
"Qamqorshylar kuni" қарсанында Республика күніне орай 9 сыныптар арасында "QAZAQ ELI" атты зияткерлік сайыс өткізілді. Нәтижесінде 9б сыныбы жеңімпаз атанды. Ал 6 сыныптар арасында «Жеңісім саған арналады, Республикам!» атты эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа барлығы 6 команда қатысты. Әр команда сынып жетекшісінен, дене шынықтыру пәнінің мұғалімінен және 6-ші сынып оқушыларынан 4 ұл баладан, 4 қыз баладан жасақталды. Өте тартысты да қызықты өткен бәсекеде: І орынға 6ғ сыныбы командасы, ІІ орынға 6а сыныбы мен 6б сыныбы және ІІІ орынға 6в сыныбы командасы ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.





