31
октябрь
2023
Күзге демалыста Театрға бардық!
Күзгі каникул тынысы!
Мәдени танымдық жерлерге экскурсиялық шаралар ұйымдастыру мақсатында мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары мен жетекшілері және ата-аналар қаламыздағы Бикен Римова атындағы драма театрына барып, "Мұғалім" қойылымын тамашалады. Көрермен оқушыларымыз зор әсер алып, жандарына рухани азық жинап қайтты.
"Мұғалім" қойылымы - Қазіргі күні педагог, бала, ата-ана арсындағы байланыс қоғам үшін үлкен сұрақ белгісін тудыратын мәселеге айналды. Заман ағымына ілескен жастар, шарасыз мұғалім, жауапсыз ата-ана арасында өрбитін оқиға легінде бүгінгі күннің шындығы, әттеген-ай дейтін осал тұстары байқалады. «Ұстаздық ұлық емес, ұлы қызмет» - деп Б. Момышұлы айтқандай, педагог мәртебесін көтеру ұлттық сананы байытар рухани үлес дер едік.
Қойылымдағы аталмыш үштіктің тартысқа толы, ширыға өрбіген оқиғалар желісі әсерге толы болды.
#күзгіканикул
#біртұтас_тәрбие