31
октябрь
2023
«Математика пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары»
2023 жылдың 26 қазанында Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп лицейінің базасында математика пәні мұғалімдерімен функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді әдіс-тәсілдерін бөлісу арқылы тәжірибе алмасу мақсатында «Математика пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары» атты қалалық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар барысында қатысушы мұғалімдерге мектеп психологтары жағымды психологиялық ахуал орнатты. Пән мұғалімдеріне «Математика сабағында функционалдық сауаттылықты дамытудың әдістері» тақырыбында шебер сынып өткізіліп, тиімді әдістер ұсынылды. Тәжірибе алмасу алаңында математика пәнінен ашық сабақтар берілді. Сабақ барысында ұстаздар функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды кіріктіріп, шеберліктерін көрсете білді. Қала бойынша келген математика пәні мұғалімдері тарапынан ұтымды кері байланыс беріліп, ұсыныстар айтылды. https://www.instagram.com/p/CzA0divJyek/?hl=ru
