«Қазақстан – мейірімділік мекені» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
09
март
2020

«Қазақстан – мейірімділік мекені»

2020 жылдың 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында мектеп-лицейімізде «Қазақстан – мейірімділік мекені» жобасы аясында дәстүрлі «Қамқорлық» акциясы жүргізілді. Осы акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, бекітілді.
Акцияның мақсаты – азқамтылған, көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету және лицейіміздің оқушыларының бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту болып табылады.
Өздеріңізге мәлім, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды Еріктілер жылы деп жариялаған болатын және сол еріктілердің қозғалысына айрықша көңіл бөлінетінін айтты. Осы себептен мектебіміздің жоғары сынып оқушылары «Қамқорлық» эстафеталық челленджін ұйымдастырып, аз қамтылған отбасыларына азық-түлікпен, денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушыларға дәрі-дәрмекпен көмек көрсетті. Осы еріктілеріміздің белсенділігімен 8 отбасына көмек көрсетілді.
«Қамқорлық» акциясын қорытындылай айтқанда мектеп ата-аналары демеушілігімен, ұстаздарымыз бен оқушылардың ықпалымен жалпы 44 оқушыға 480 340 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Республикамызда «Қазақстан – мейірімділік мекені» жобасы мамыр айымен аяқталуы жоспарланып отыр. Сондықтан да қайырымдылық шаралары оқу жылының аяғына дейін жалғасын таппақ.