23
февраль
2020
Мектепішілік "Жыл мұғалімі-2020" байқауы өткізілді
2020 жылдың 22 ақпан күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2020" байқауы өткізілді. Сайыстың мақсаты — талантты мұғалімдерді анықтау, білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін насихаттау, педагогтардың шығармашылық өсуін қолдау, мұғалімнің жеке басының дамуын ынталандыру. Байқау бес кезеңнен тұрды: 1 кезең, шығармашылық таныстырылым - "Менің педагогикалық кредом", 2 кезең, сұрақ-жауап "Ой-көкпар", 3 кезең, бейнеролик түсіру "Менің мектептегі бір күнім", 4 кезең - Импровизациялық тапсырма және 5 кезең - "Өнерпаз болсаң арқалан" деп аталады. Байқау барысында мұғалімдер шығармашылық жағынан жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен де бөлісті. Сонымен қатар өнер сайысында да қызықты номерлерге толы болды. Қорытындысында І орынға тарих пәнінің мұғалімі Тайыржан Бақыт, ІІ орынға математика пәнінің мұғалімі Сейсенбекова Әсел және ІІІ орынға қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Анар Садуақасова ие болды. Сондай-ақ байқауға қатысқан басқа да ұстаздарымыз түрлі номинацияларға ие болды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен және мектепішілік кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ендігі кезекте осы байқауда орын алған ұстаздарымыз қалалық байқауда мектеп намысын қорғамақ. Құттықтаймыз!!!