28
октябрь
2025
«Республика күні – намысты ұландар»
2025 жылдың 15 қазан мен 24 қазан күндері аралығында мектебімізде 25 қазан – Республика күніне арнлаған «Республика күні – намысты ұландар» атты патриоттық онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында «Тәуелсіздік – ел бақыты» кітап көрмесі мен «Қыран елім – Қазақстаным!» қолөнер көрмесі ұйымдастырылды, барлық сыныптарда "Менің Қазақстаным" тақырыбында сынып сағаттары өткізілсе, 7-8 сыныптарда интеллектуалды ойындар өткізілді. 10-11сыныптар «Қазақстан еліне саяхат» тақырыбында Эссе жазды. Мектептің өзін-өзі басқару командасы «Қазақстан – Республикам менің!» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Сондай-ақ мектебімізде биылғы оқу жылында 7б сыныбы боп құрылған «Жас полиция» сыныбының кадеттері ұранымен ант қабылдады.



