"Мәңгілік жаса, қыран елім - Қазақстаным" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
23
октябрь
2023

"Мәңгілік жаса, қыран елім - Қазақстаным"

Біртұтас тәрбие жоспарына сай сыныптарда "Мәңгілік жаса, қыран елім - Қазақстаным" - тақырыбында апталық өткізілді. 1-4 сыныптарда осы тақырыпта тәрбие сағаттары, 5 сыныптарда "Менің арманымдағы Қазақстан" атты сурет байқауы, 6 сыныптарда "Қазақстан -менің Отаным" қабырға газеттер көрмесі, 7 сыныптарда "Қазақ елі" атты зияткерлік сайыс, 8 сыныптарда "Патриоттық рух және Қазақстан" атты дебаттық ойындар, 9-10 сыныптарда Волейболдан жарыс өткізілсе, 11 сыныптар "Қазақстан еліне саяхат" тақырыбында ЭССЕ жазды, сондай-ақ мектеп бойынша мерекелік концерт, патриоттық әндер фестивалі, ұлттық киімдер шеруі және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты: Балаларға Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп,туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасын қадірлеуге, отаншылдық пен мемлекетшілдікке, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділікке тәрбиелеу.