«Тұғыры биік – Республикам менің» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
24
октябрь
2022

«Тұғыры биік – Республикам менің»

Мектебімізде 2022 жылдың 11 - 25 қазан күндері аралығында – Республика күнін мерекелеуге арналған «Тұғыры биік – Республикам менің» атты апталық өткізілді. Апталық аясында 1-6 сыныптарда бірыңғай тәрбие сағаттары өткізіліп, "Атамекен" тақырыбында диктант жазылды. 3 сыныптар арасында «Қыран елім -Қазақстан!» атты жылдам оқу байқауы, 7 сыныптар арасында «Қазақстан - Менің Отаным» қабырға газеттер байқауы, 8 сыныптар арасында «QAZAQ eli» зияткерлік сайыс, 8-9 сыныптар арасында дебаттық ойын өткізілді, кадет сыныбы арасында «Мен Отанның бақытты ұланымын» атты видео челлендж, 10 сыныптарға «Бесшатыр – тарихтың алтын көмбесі» ұранымен тарихи киелі жерге танымдық саяхат ұйымдастырылды. 11 сыныптар «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырында эссе жазды. Барлық сыныптарда «Патриотизм дауысы» ұранымен Мемлекеттік ГИМНді жаппай орындау ұйымдастырылды. Өнерлі оқушылар арасында «Қазақстан – Республикам менің» атты патриоттық әндер фестивалі өткізілді. Сондай-ақ Республика күніне арналған спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
#республикаказахстан #республикакүні