25
октябрь
2023
«Көк байрағым – елдігім, еркіндігім»
24.10.2023 күні І.Жансүгіров әдеби музейінде 25 қазан – Республика күніне орай оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу мақсатында «Көк байрағым – елдігім, еркіндігім» атты мерекелік шара өтті. Шараға «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Кеш барысында патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқылып, ардагерлер тілектерін айтты және тәлімгерлер өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/p/CyyTgROJlzn/?hl=ru
