07
октябрь
2023
Ардагер ұстаздарға қошемет көрсетілді
Біртұтас тәрбие жоспарына сай, Ұстаздар күні мен Қарттар күніне орай жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде білім саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін ардагер ұстаздарды ұлықтау, оларға қошемет көрсету мақсатында «ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ» тақырыбында сала ардагерлерімен мерекелік кеш өткізілді. Мектеп директоры Салтанат Бейсенбайқызы Жанаберлиева білім саласының дамуына сіңірген еңбектері үшін ардагер ұстаздарға алғысын жеткізіп, қайтпас күш-қайрат пен мықты денсаулық тілеп, әрқашан шуақ шашып жүре беріңіздер деген жүрек жарды тілегін білдірді. Алғашқыда бірқатар ұстаздарымыз түрлі дәрежедігі Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Өнерлі жас мамандарымыз бен оқушыларымыз ән мен биден шашу шашып, ардагерлерге кішігірім сыйлықтар табысталды. Шара соңында ардагер ұстаздарымыз мектептің ұстаздарына жас буынды тәрбиелеу мен білім беруде шығармашылық табыстар тіледі.









