"Ұстаз деген - жарық күні ғаламның" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
04
октябрь
2022

"Ұстаз деген - жарық күні ғаламның"

2022 жылдың 26 қыркүйек пен 3 қазан күндері аралығында Ұстаздар күніне арналған "Ұстаз деген - жарық күні ғаламның" атты апталық өткізілді. Апталық аясында сыныптарда "Ұстаз мектептің жүрегі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілсе, 9 сынып оқушылары "Болашақтағы ұстаз бейнесі" тақырыбында эссе жазды. Оқушыларымыз "Менің сүйікті ұстазым", "Ұстазыңды құттықта" атты видео челлендж эстафеталарына қатысты. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Жадрашова мен Г.Бейсенбай Жетісу облыстық "Менің жүрегімнің мектебі" атты теле-эссе байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Базылжанов пен АӘДТ пәнінің мұғалімі облыстық "Менің ісім-өнегі" атты спартакиадаға қатысып жеңіс тұғырынан көрінді. 5 сыныптар арасында "Жеңісім саған арналады, Ұстазым!" атты эстафеталық ойындар жүргізілді. Сонымен қатар 11 сынып түлектері мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерт барысында бірқатар білікті ұстаздарымыз түрлі дәрежедегі Құрмет грамоталарымен марапатталды. Өнерлі оқушыларымыз әннен шашу шашып, өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ "Жас Ұлан" ұйымы мен "Мектеп парламенті" ұйымы осы күні "Дублер күні" ұранымен "өзін-өзі басқару күнін" ұйымдастырды.