06
октябрь
2018
Қала әкімі ұстаздарды құттықтады
Ағымдағы жылдың 5 қазан күні қалалық әкімшілік ұстаздар күніне орай қаламыздың білім беру қызметкерлеріне мерекелік концерт ұйымдастырды. Аталмыш шарада білім саласында қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарымыз қала әкімі Дастан Тұрарбекұлы Шалтабевтың қолынан құрмет грамоталарымен марапатталды. Біздің мектептен бұл мәртебеге директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Биғайша Серікболқызы Қауметова ие болса, қалалық маслихат хатшысының құрмет грамотасымен бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Бауыржан Төкенұлы Омаралин ие болды. Ал шара барысында мектебіміздің жас маманы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ертаева Аруана ағылшын тілінде құттықтап, ант қабылдады. Сондай-ақ мектебіміздің бірқатар өнерлі оқушылары өлең оқып, ән да салды. Ұстаздар мерекесі құтты болсын!!!