22
декабрь
2021
Мектебімізде жалғасын тапқан жақсы дәстүр
Мектебімізде жалғасын тапқан жақсы дәстүрлер көптеп саналады. Солардың бірі - зейнеткерлік жасқа келген ардагер ұстаздарға құрмет көрсету дәстүрі.
Биылғы оқу жылы бұл ұжым үш бірдей зейнеткерлік жасқа келген әріптестеріне құрмет көрсетіп, заңды демалыстарына шығарып салуға дайындалуда.
Олар жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Дүйсекенова Айгүл Сейітқызы, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Дүтбаева Ләззат Телібайқызы, жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі Омарова Қамария Нұрсанқызы. Педагогикалық жұмыс өтілдері 38-42 жылды құрайтын бұл ардагер ұстаздардың еңбек жолдары кейінгі толқын ұстаздар қауымына үлкен өнеге, мол ғибрат.
Талдықорған қаласындағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп – лицейіндегі қиыны мен қызығы бірге жүретін ұстаздық өмір жолдарын олар өмірлерінің ең мазмұнды кезеңіне балайды.
Осы уақыт аралығында жүздеген шәкірттер ұстаз тағылымын көрді. Олардың барлығы да республикамыздың түпкір-түкпірінде жемісті еңбек етуде. Хат жазып, хабарласып тұратындары бар. Ұстаз бақыты деген де осы шығар.
Бүгін де бұл ұстаздар бір-бір үйдің ақылшы отаналары екі-үш немере сүйіп, әйел ғұмырының ең бір бақытты сәттерін өткізуде.
Ұжым мүшелері оларға жылдар бойғы ұстаздық еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер, денсаулықтарыңыз мықты, ғұмырларыңыз ұзақ болсын деген тілек айтады.