Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Тіл мерейі - ел мерейі”
28
сентябрь
2021
“Тіл мерейі - ел мерейі”
“Тіл - білімнің кілті” атты онкүндік аясында 6-7 сыныптар арасында "Тіл мерейі - ел мерей" атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша І-орынды 7в сынып оқушысы Сарықан Кәлима, ІІ-орынды 7б сынып оқушысы Нұқасым Мубина мен 7а сынып оқушысы Амантай Нұрай, ІІІ-орынды 6б сынып оқушысы Айқынұлы Шапағат, 6ә сынып оқушысы Серікқабыл Жаннұр және 7а сынып оқушысы Ермекбай Альфия иеленді. Құттықтаймыз!
"Тәуелсіздік - Тұғырым" атты дебаттық ойын өткізілді
22
сентябрь
2021
"Тәуелсіздік - Тұғырым" атты дебаттық ойын өткізілді
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 21.09.2021 күні мектбіміздің "Алаш" дебаттық клубы жетекшісі Әсел Ерланқызы Абдрахманованың ұйымдастыруымен 6 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздік - Тұғырым" атты дебаттық ойын өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру. Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау және ынталандыру. Мектеп оқушылары арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру.
Мектеп Президенті анықталды...
22
сентябрь
2021
Мектеп Президенті анықталды...
Мектебімізде "Жас Ұлан" мен "Өзін-өзі басқару" балалар мен жасөспірімдер ұйымы ережесіне сай 2021 жылдың 8-22 қыркүйек күндері аралығында "Мектеп Президентін" сайлау науқаны жүргізілді. Әр үміткер осы күндері аралығында өз бағдарламасын таныстырып, мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. 22 қыркүйек күні .docs.google.com. платформасы арқылы онлайн дауыс беріліп, сайлаудың нүктесі қойылды. “Мектеп Президентін” сайлау бойынша дауыс беру нәтижесінде үміткерлер: 10 “Ә” сынып
7-10 сыныптар аралығында ФУТБОЛДАН жарыс өткізілді
22
сентябрь
2021
7-10 сыныптар аралығында ФУТБОЛДАН жарыс өткізілді
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні мектебімізде дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Талдықорған қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған 7-10 сыныптар аралығында ФУТБОЛДАН жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 8 сыныптар І орынға, 9 сыныптар ІІ орынға және ІІІ орынға 10 сынып командасы ие болды. Сонымен қатар 9а сынып оқушысы Серкан Жан "Үздік шабуылшы" атағына, 8б - Жақсылық Әбілмансұр "Үздік қақпашы", ал 7в сынып оқушысы Зейнел Өскен "Үздік
Армрестлингтен үш жүлде!
18
сентябрь
2021
Армрестлингтен үш жүлде!
Мектебіміздің 10 сынып оқушылары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Қала күні" мерекесі аясында армрестлинг-қол күресінен өткен ашық қалалық жарыста үздіктер қатарынан көрінді! Абилхамит Балжан 1-орын, Оралбекұлы Оралжан 2-орын және Сұлтан Ислам 3-орынға ие болды. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы армрестлинг жеңімпаздарын қабылдап, өз құттықтауын білдірді  Құттықтаймыз!
«Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!»
18
сентябрь
2021
«Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!»
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні мектебімізде дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Талдықорған қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған «Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!» атты 5 сыныптар арасында эстафеталық жарыс өткізілді. 9 кезеңнен тұратын тартысты бәсекеде 5 команданың ішінен 5б сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа
"Электр қуаты ойыншық емес!"
18
сентябрь
2021
"Электр қуаты ойыншық емес!"
Мектебімізде 2021 жылдың 17 қыркүйек күні Электр жарақатының алдын алу бойынша "Электр қуаты ойыншық емес!" атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Электр тогының қауіптілігі - бұл түссіз, иіссіз және оны көруге де, естуге де болмайды. Арнайы құрылғыларсыз электр тоғын анықтау мүмкін емес. Статистикаға сәйкес, электр жарақаттары негізінен бастауыш пен орта буын мектеп жасындағы балаларда
«Жасөспірім» атты рейдтік шаралар жүргізілді
18
сентябрь
2021
«Жасөспірім» атты рейдтік шаралар жүргізілді
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 2021 жылдың 17 қыркүйек күні қалалық Полиция департаменті қызметкерлері, қалалық білім бөлімі мен білім беру мекемелерімен бірлесе кешкі және түнгі уақытта кезекті «Жасөспірім» атты рейдтік шаралар жүргізілді. Рейдтік шара қала бойынша компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, саябақтар мен жағажайларда және көпқабатты үйлердің ауласына ұйымдастырылды. Рейд барысында мектебімізден кәмелетке толмаған балалар
«Тіл – білімнің кілті» - 2021 жыл
09
сентябрь
2021
«Тіл – білімнің кілті» - 2021 жыл
Мектебімізде үстіміздегі жылдың 06-17 қыркүйек аралығында «Тіл – білімнің кілті» атты Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған онкүндігі бастау алды. Мақсаты: қоғамды рухани жаңғыртудың идеяларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, білім алушылар арасында тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
«Абайлаңыз, балақай!» -1
09
сентябрь
2021
«Абайлаңыз, балақай!» -1
Мектебімізде 2021 жылдың 6-8 қыркүйек күні аралығында «Абайлаңыз, балақай!» атты 1-8 сыныптар аралығында жолда жүру қауіпсіздігіне арналған акциясы өткізілді. Акция барысында сынып жетекшілері мен мектеп инспекторы Г.Сәкенова оқушылармен сынып сағаттарын өткізді. Мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру және жолда жүру ережесін дұрыс сақтауға, орындауға баулу. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, тұруға,