05
апрель
2022
«Ұсақ бұзақылықтан үлкен қылмыс туындайды»
Мектептің тәрбие бөлімі мен мектеп инспекторы Д.Тұрсынова 4-5 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді. Жиналыста «Нөлдік төзімділік», «Ұсақ бұзақылықтан үлкен қылмыс туындайды» тақырыптарында мәселелер қаралды. Шара барысында мектеп инспекторы сөз алып, жастар арасында белең алып тұраған қылмыс пен құқықбұзушылық, оларға қатысты жаза түрлері және әлсіз жандарға қатысты әлімжеттік көрсету зардабы туралы айтылды. Сонымен қатар кешкі уақытта балалардың ата-анасыз, яғни заңды қамқоршысыз жүруге болмайтыны туралы түсіндірілді. Жиналыс соңыңда сынып жетекшілер мен оқушылар сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Осындай түсіндірме жұмыстары барлық параллель сыныптармен жалғасын таппақ.








