Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақын Айман Сапатайқызы Кәріпбаевамен кездесу өткізілді
06
апрель
2022

Ақын Айман Сапатайқызы Кәріпбаевамен кездесу өткізілді

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні. "Балалар жылы" мен "Оқуға құштар мектеппіз" жобасы аясында
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін, – деп Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі - өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған - тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Осыған орай 1 сәуірде Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп лицейінің 4 сынып оқушыларымен Алматы облысының экс-әкімі А.Ғ.Баталовтың қолдауымен «Жетісу кітапханасы» сериясы бойынша жарыққа шыққан «40 ертегі» атты кітабының авторы, жерлесіміз ақын Айман Сапатайқызы Кәріпбаевамен кездесу өткізілді. Оқушылар өздерінің оқыған «40 ертегі» кітабындағы өлеңдері мен жұмбақтарын, ертегілерін жатқа айтты. Оқушылар өз ойларын сұрақ – жауап арқылы толықтырды. Кездесу тартымды, қызықты өтіп, оқушылар да кітапқа деген қызығушылығы мол екенін жеткізе білді.