Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2022

«Бақытты бала- болашақ кепілі» - дебаты

12-13.04.2022 жылы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 ОМЛ-де қалалық дебат ойынына іріктеу мақсатында 2022 жыл- Балалар жылына орай «Бақытты бала- болашақ кепілі» атты 8-сыныптар арасында мектепішілік пікірсайыс ойыны 2 кезеңде өткізілді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев дебатшыларды құттықтап, дебат қозғалысының қазіргі кездегі маңыздылығына тоқталды. Пікірсайыста 1. «БП ата,аналардың өз балаларының әлеуметтік желідегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек деп есептейді.» 2. «БП балалардың ата-әжесінің тәрбиесінде болғаны дұрыс деп есептейді» деген екі тақырып талқыланды. Ойынға барлығы 7 топ қатысып, жеңімпаздар топтар мен «Үздік спикерлерлер» марапатталды:
1. «Зере» (1.Смайыл Мархаббат 2. Актаева Толғанай) – І орын
2. «Тұмар» (1. Күмісбек Әли 2. Ербақыт Ұлағат) – ІІ орын
3. «Болашақ» (1. Марат Айназ 2. Бекен Нұрайым) – ІІ орын
4. «Зерек» (1.Жақсылық Әбілмансұр 2. Тоқан Ақнұр) – ІІІ орын
5. «Бірлік» (1.Фазылжан Айым 2.Ерғали Ерасыл ) – ІІІ орын
6. «Шаңырақ» (1.Тұрсынбек Шыңғыс 2. Рысбек Бағжан ) –ІІІ орын
7. «Аманат» (1. Ағарыс Ернар 2. Нұрданәлі Азамат) – ІІІ орын
Ойын нәтижесінде үздік деп танылған спикерлер – Марат Айназ (8в) бен Актаева Толғанай (8ә) қалалық дебат ойынына жолдама алды. Ойыншыларымызға Сәттілік тілейміз!!!