Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қоғамдағы жастардың ел алдындағы борышы»
11
апрель
2022

«Қоғамдағы жастардың ел алдындағы борышы»

2022 жылдың 11 сәуір күні мектебімізде «Алматы облысы Дін істер басқармасының теологы» Айбек Тұрсынұлының қатысуымен «Қоғамдағы жастардың ел алдындағы борышы» тақырыбында жастар арасында сұхбат өтті.
Тақырыптың басын Айбек Тұрсынұлы «Әрдайым ел ішіндегі береке-бірлік, ауызбіршілік ең маңызды рөлге ие. Өйткені, жер бетіндегі өзара келіспеушілік пен дүрдараздықтар белгілі бір мемлекеттің шаңырағының шайқалуына, ел іргесінің сөгілуіне әсерін тизібей қоймайтын. Шүкір, тәуілсіздікке қол жеткізіп, күні бүгінге дейін достығымыз дархан, ынтымағымыз ырысты болып отыр.
Бірлігі күшті ел озады, - деп бекерге айтпаған.
Елімізде қауіпті індеттер, ауыртпалықтар орын алып жатқан мына жағдайда үй ішінен үй тігіп, түрлі топтарға бөлініп, бүлік шығару емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануымыз қажет. Алланың біздерге нәсіп еткен тыныштығын сақтап, қолымыздағы алтынның қадірін білейік.
Жиын барысында Айбек Тұрсынұлы ұстаздар мен оқушыларға өзінің руханият-насихатын айтып, бар білімімен бөлісті. Ал жиынға қатысқан жас ұрпақтың өздеріне керек сұрақтарына толық жауап алды. Аталмыш іс-шара әр ай сайын жалғасын табуда.