Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Облыстық Бейсен Құранбек атындағы олимпиадада ІІ орынды жеңіп алдық!
13
декабрь
2021
Облыстық Бейсен Құранбек атындағы олимпиадада ІІ орынды жеңіп алдық!
Мектебіміздің 8ә сынып оқушысы Тоқтаубек Ақерке облыстық Бейсен Құранбек атындағы олимпиадада ІІ орынды жеңіп алып, диплом мен смарт сағаты табысталды. Құттықтаймыз!
"Үкілі үміт" - І орын!
12
декабрь
2021
"Үкілі үміт" - І орын!
Мектебіміздің 8в сынып оқушысы Тоқан Ақнұр және 4г сынып оқушысы Құдайберген Елдана республикалық "Үкілі үміт" балалар шығармашылық байқауында өз номинациялары бойынша І орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Дарханды құттықтаймыз!
12
декабрь
2021
Дарханды құттықтаймыз!
Талдықорған қаласы мектептерінің ер мұғалімдері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған волейболдан өткен облыстық жарыста ІІ орынға ие болды. Команда құрамында өнер көрсеткен мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дархан Тоқжігітов грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!
"Мир профессий: Мы строим города и сёла"
10
декабрь
2021
"Мир профессий: Мы строим города и сёла"
2021 жылдың 9 желтоқсан күні орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік апталығы аясында Жаксенова Светлана Калимуловна 4г сыныбымен "Мир профессий: Мы строим города и сёла" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылып, сабақ өте мазмұнды өтті. Сабақ "Кім қайда тұрады?", "Кім не істейді?", "Сіз өз қалаңызды білесіз бе?" және "Менің сүйікті қалам - Талдықорған!" сияқты тапсырмалардан тұрды. Оқушылар белсенділікпен қатысып, мұғалім қойған мақсаттарына жете
Мектепішілік «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізілді
10
декабрь
2021
Мектепішілік «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізілді
2021 жылдың 10 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай мектебімізде 10-11 сыныптар арасында мектепішілік «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша І орынға 10а сынып оқушылары, ІІ орынға 10б сынып оқушылары және ІІІ орынға 11ә сынып оқушылары ие болды. Сондай-ақ 11ә сынып оқушысы
«Тәуелсіздік шежіресі – елімнің мәртебесі»
09
декабрь
2021
«Тәуелсіздік шежіресі – елімнің мәртебесі»
2021 жылдың 9 желтоқсан күні 6ғ сынып оқушылары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі – елімнің мәртебесі» тақырыбында интеллектуалды тапқырлар ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу. Қызыққа толы бұл ойын 5 кезеңнен тұрды: 1."Тарихи оқиғалар", 2."Мені
«Таңғажайып алаңы» зияткерлік ойыны өткізілді
02
декабрь
2021
«Таңғажайып алаңы» зияткерлік ойыны өткізілді
2021 жылдың 30 қараша күні мектебімізде 6ғ сынып оқушылары арасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» тақырыбында «Таңғажайып алаңы» зияткерлік ойыны өткізілді. Ондағы мақсат–атаулы күннің тарихын, мәнін оқушыларға насихаттау, Мемлекет басшысының ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы Елбасының өлшеусіз еңбегін, Отанына деген адалдығын, еліне деген сүйіспеншілігін жас ұрпаққа үлгі ету болатын. Ойын нәтижесі бойынша Бас
«Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы»
01
декабрь
2021
«Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы»
2021 жылдың 24 - 30 қараша күндері мектебімізде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы» атты апталығы өткізілді. Кітапханада және дәлізде «Елбасы – кеменгер көшбасшы!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 1-4 сыныптарда «Менің Тұңғыш Президентім» атты сынып сағаттары, 5-7 сыныптарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» топтық сайыстар, 8-9 сыныптар арасында «Елбасы және Тәуелсіздік» дөңгелек үстел, 10 сыныптарда «Елбасы жолы» атты конференция өткізілді.
Әскери-спорттық жарыста топ жардық!
29
ноябрь
2021
Әскери-спорттық жарыста топ жардық!
Мектебіміздің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушысы Бауыржан Мустафинов шәкірттерімен қаламыздағы №5 орта мектеп-лицейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы Бауыржан Айтбаевтың 60 жылдық мерей тойына арналған қалалық "Ұстазыңдай шебер бол!" атты әскери-спорттық ойындарында І орынға ие болды. Жарыс барысында "Кермеге тартылу", "Саптық дайындық" кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетсек, Қуан Жанел қызымыз "Шалқадан жатып кеудені көтеру" кезеңі
Тоғызқұмалақ жарысынан ІІІ орын!
28
ноябрь
2021
Тоғызқұмалақ жарысынан ІІІ орын!
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Оқушылар сарайында өткен қалалық тоғызқұмалақ жарысында 6ә сынып оқушысы Биқасым Алима ІІІ орынға ие болды! Сондай-ақ шахмат бойынша Елтай Ақбаян (4ә), Қамалбеков Дастан (4б) және тоғызқұмалақ бойынша қатысқан Тұрсынхан Мадияр (6ә) Алғыс хаттарға ие болды. Жетекшілері: А.Б.Шеңгелбаев, Ә.Базылжанов. Құттықтаймыз!!! Алар асуларымыз көп болғай!