22
май
2022
Реформа - 2022
Бұл – Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған қадамның жарқын көрінісі. Бүгінде елімізде болып жатқан саяси реформалардың басты тетігі ретінде конституциялық өзгерістерді Президенттің өзі ұсынған болатын. Бұл жерде Мемлекет басшысы халық тарапынан туындайтын барлық мәселені ескеріп отырғанын айта кеткен ләзім. Дұрысы, Президент елдің пікірін ескергісі келеді. Бүгінгі таңда Президент өзінің саяси реформаларына қатысты жаңа бағдарламасын ұсынды. Оның негізі – қоғам тарапынан туындайтын мәселелерді қал¬тарыста қалдырмау.
Конституцияға енгізілетін өзгеріс¬терге байланысты референдум өткізу туралы Президенттің ұсынысы өте дәйекті екені даусыз. Себебі мұның бар¬лығы қоғам тарапынан болған сұраныстың нәтижесінде қолға алынып жатқан жұмыстар екені рас. Мемлекет басшысының саяси реформадағы ең маңызды бағыттар ретінде билік тармақтары арасындағы теңгерімді өзгерту, Парламенттің өкілеттігін күшейту, жергілікті өзін-өзі басқару, әсіресе мәслихаттардың рөлін арттыру, сайлау жүйесіндегі пропорционалды-мажо¬ритарлық жүйені енгізу арқылы халықтың әр санаттағы, әртүрлі пікірдегі, әртүрлі саяси көзқарастағы өкілдерін мемлекеттік мәселелерге кеңінен тартуды көздегені көңілге қонымды.