Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас өрт сөндірушілеріміз ІІ орынға ие болды!
01
май
2018
Жас өрт сөндірушілеріміз ІІ орынға ие болды!
Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде Талдықорған агро-техникалық колледжі стадионыңда Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаменті мен Өрттен құтқару спорты федерациясының ұйымдастыруымен қала мектептерінің жас өрт сөндірушілер жасақтары арасында өрттен құтқару спортынан жарыс өткізілді. Нәтижесінде І орынға №14 мектеп, ІІ орынға №18 және ІІІ орынға №16 мектеп командалары ие болды. Сондай-ақ 15-тен астам қатысушы номинация иегері атанды. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлық пен кубоктармен марапатталды.
"Вакцинация- өмір үшін!"
01
май
2018
"Вакцинация- өмір үшін!"
25.04.2018 күні мектебімізде "Вакцинация- өмір үшін!" ұранымен акция өткізді. Шараның мақсаты - білімалушылар мен қызметкерлерге вакцина егудің пайдасын насихаттау. Салауатты өмір салтын дәріптеу. Осы шара барысында барлық сынып оқушыларынан сауалнама алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоғары сынып оқушылары жергілікті денсаулық басқармасынан келген мамандармен кездесу өткізілді.
VІІІ-ші облыстық Қ.Байсеитов атындағы байқаудан жүлде!
24
апрель
2018
VІІІ-ші облыстық Қ.Байсеитов атындағы байқаудан жүлде!
Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Мұратова Дамира қаламызда өткен VІІІ-ші облыстық Қ.Байсеитов атындағы жас орындаушылар байқауында "Вокал" жанры бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болды! Құттықтаймыз!!!
"Сарын"байқауынан жүлде!
24
апрель
2018
"Сарын"байқауынан жүлде!
Елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған аймақтық "Сарын" өнер байқауында мектебіміздің 3 сынып оқушысы Құрмаш Инабат "Бас жүлдені" жеңіп алды! Сынып жетекшісі Оспанова Қамаш Ануарбекқызы. Құттықтаймыз!
"Атадан мұра" байқауынан жүлде!
24
апрель
2018
"Атадан мұра" байқауынан жүлде!
Мектебіміздің 5б сынып оқушысы Шлембаев Сұңқар Алматы қаласында өткен "Атадан мұра" атты Халықаралық өнер мен білім байқауында "Аспапта ойнау" жанры бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
Кезекті әдістемелік күні өтті
21
апрель
2018
Кезекті әдістемелік күні өтті
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні мектебімізде кезекті әдістемелік күні өтті. Ұйымдастыру бөлімінде мектебіміздің психологы Талшын Нұрғалиева мектеп ұжымына психологиялық тренинг жүргізді. Негізгі бөлімде бастауыш сынып мұғалімдері Әсем Әбуғалиева мен Раушан Орынбекова "Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жұмыстарының жүргізілуі" тақырыбында шебер сынып өткізді. Ал орыс тілі пәнінің мұғалімі, мектебіміздің тренері Светлана Дәуренбекова сыныптарда жүргізілген "Lesson Study"-
"Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы"
21
апрель
2018
"Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы"
2018 жылдың 19 сәуір күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мариам Ботаева мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Лаура Ирсимбетованың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларына "Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы" тақырыбында іздену-зерттеу сабағы жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың Ш.Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру, дамыту. Ақын өлендерінің идеяларын ашу. рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.
Шоқан Уәлиханов мемориалды мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды
21
апрель
2018
Шоқан Уәлиханов мемориалды мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды
Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласындағы көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 20 сәуір күні мектебіміздің 9 сынып оқушыларына Кербұлақ ауданыңдағы, Алтын Емелде орналасқан Шоқан Уәлиханов мемориалды мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға тарихи тұлға Ш.Уәлиханов туралы мағлұмат беру, оқушылардың ой –өрісін, танымдық қабілеттерін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.
Қалалық "Балдәурен-2018" шығармашылық байқауынан жүлде!
21
апрель
2018
Қалалық "Балдәурен-2018" шығармашылық байқауынан жүлде!
Қалалық "Балдәурен-2018" шығармашылық байқауында мектебіміздің 4ә сынып оқушысы Нұрдәулет Ерасыл "Дипломант" атағына ие болды. Осы жеңімпазды баптауда зор еңбегі үшін бастауыш сынып мұғалімі Дүтбаева Ләззат Телібайқызы Талдықорған қаласы әкімі Б.Қарасевтың "Алғыс хатымен" марапатталды. Құттықтаймыз!
Қалалық "Жас Ұлан-2018" ойындарынан ІІІ орын
20
апрель
2018
Қалалық "Жас Ұлан-2018" ойындарынан ІІІ орын
Мектебіміздің жас сарбаздары "Жас Ұлан" əскери-патриоттық ойындарында жүлделі ІІІ орынға ие болды! Сондай-ақ 10 сынып оқушысы Өкен Əбілқайыр "Үздік командир" атанды, 9ə сынып оқушысы Қанибек Гүлнұр "кеудені көтеру" (отжимание) сайысында ІІІ орынға ие болды жəне командамыз "Ғылыми жоба байқауында" ІІІ орынға ие болды! Сонымен қатар марапаттау салтанатында жүргізуші міндетін атқарған 10 сынып оқушысы Қанапиянова Ақеркеге жəне атсалысқан 9 сынып аруларымыз Талғат Айман мен Сламхан Əнелге