27
сентябрь
2018
Біз туристпіз!
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің отаншылдық сезімдерін ояту, экспедициялық жасақтардың қызметін жандандыру жолы мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Бүкіләлемдік туризм күніне орай мектебіміздің 8 сынып оқушыларына қаламыздағы «Ардагерлер саябағы» манындағы Қаратал өзені бойына туристік жорық ұйымдастырылды. Аталмыш шара аясында оқушыларға командалық тапқырлар сайысы, эстафеталық ойындар, кіші-футбол, картоп аршу, алау жағу, алауға картоп пісіру, ас мәзірлеу сияқты туризмнің жеңілдетілген түрлерінен ойындар ұйымдастырылды. Бұл күн балалар үшін қызыққа толы болды, оқушыларымыз барлық тапсырмаларды белсенділікпен орындады. Өзара қарым-қатынастары нығая түсті.