08
сентябрь
2018
"Ерліктің аты өлмес" даңқ мұражайына танымық саяхат
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеяларын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру мен «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында осы 2018 жылдың 6-7 қыркүйек күндері мектеп оқушыларына мұражайларға, тарихи және мәдени орындарға, саябақтарға танымдық саяхаттар ұйымдастырылды.
8 және 10 сынып оқушылары қаламыздағы Алматы облыстық Ішкі Істер Департаменті жаныңдағы даңқ мұражайына танымдық саяхатқа барды. Мақсаты: жас ұрпақтарды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, танымдық құштарлыққа жетілдіру, өсіп-өнген өлкесін танып білуін, тарихи білімін қалыптастыру, салт-дәстүрін дәріптеу патриоттық сезімдерін ояту, көпшілік арасында полиция қызметкерлердің батылдығын, даңқ пен ерліктерін насихаттау. Аталмыш мұражайда Жетісу жерінде алғаш құрылған милиция сарбаздарының арнайы пішінді киімі мен сол кезде қолданған қару-жарағы, сонымен бірге, қызметтік міндетін орындау кезінде ерлік көрсеткендердің өмірі мен қызметін баяндайтын деректер оқушылардың қызығушылықтарын оятты.