19
сентябрь
2018
«We love our country» зияткерлік ойын
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектебімізде 8-9 сыныптар арасында «We love our country» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Мақсаты: Үш тұғырлы тіл идеясын іске асыру. Білім алушылар арасында тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Отансүйгіштік пен елжандылыққа тәрбиелеу. Аталмыш ойын ағылшын тілінде жүргізілді. Қойылған сұрақтар Қазақстанның тарихымен байланысты болды. Нәтижесінде І орынға 9а сыныбы, ІІ орынға 8а және ІІІ орынға 8ә сынып оқушылары ие болды.