20
сентябрь
2018
«Түнгі қаладағы балалар» атты рейд
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні мектеп ұстаздары мен ҚІІБ қызметкерлерімен бірлесе кешкі және түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, балалар және жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс орындарда болу фактілерін анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Өзімізге бөлінген аймақта рейдтік шараны мектеп әкімшілігінен Қ.Ж.Қуанышбаев, мектебіміздің инспекторы , полиция капитаны Д.Алтайұлы және көршілес мектепердің инспекторлары мен мұғалімдері жүргізді. Рейдтер мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, көпқабатты үйлердін ауласына және жертөрелерге ұйымдастырылды Комп.клуб «Лоторея», «Спарта», «Гранд Арена», түнгі клубтар мен кафелер «Әсел», «Стамбул», «Гәкку», «Дос», «Пати Фуд», «Атамекент.б.). Рейд барысында мектебіміздің кәмелетке толмаған балалары, яғни 11 сынып оқушылары Қанапия Дамир мен Уразахын Аманжол түнгі сағат 12.00 шамасында Біржан Сал мен І.Жансүгіров көшелері қиылысында ата-аналарысыз өтіп бара жатқан жерінде көзге түсіп, қалалық ІІБ жеткізілді, ата-аналары шақырылып түсініктемелер алынды, бұл жағдай бірінші рет болуына байланысты ескерту берілді.