Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
04
июнь
2021
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» тақырыбында науқан жүргізілді. 28 мамыр – 05 маусым аралығында 1-7 сыныптар арасында «Мен Туымды мақтан етемін» - бейнеролик челленджі жүргізілсе, жазғы мектеп балаларына мектеп кітапханасында орналасқан ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған бұрышқа танымдық саяхат ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда офлайн және онлайн түрде «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» тақырыбында сынып сағаттары жүргізілді.
«Тарихтан тағылым- өткенге тағзым»
31
май
2021
«Тарихтан тағылым- өткенге тағзым»
Мектебімізде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты келесі іс-шаралар өткізілді. Мектебіміздің кадет сыныбы оқушылары және АӘД пәнінің мұғалімдері Б.Мустафинов пен Қ.Қамза қаламыздағы орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Жоғары сынып оқушыларымен «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» тәлім сағаты өткізілді. Сондай-ақ Алаш ардақтысы - Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне және «АЛЖИР» мұражайына виртуалды саяхат ұйымдастырылды. Өткізілген
"Зерделі гранты" олимпиадасында оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді
31
май
2021
"Зерделі гранты" олимпиадасында оқушыларымыз үздіктер қатарынан
Талдықорған қаласы “ZERDELI” ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен математика пәнінен өткен "Зерделі гранты" олимпиадасында оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді! Тұрсұнханов Нұрдәулет - 5в сыныбы, І орын; Әсенұлы Мұстафа - 5в сыныбы, ІІІ орын; Нәбиәлі Ажар - 5г сыныбы, ІІІ орын; Ермекбай Елдар - 5 сынып, грамота; Бекжанқызы Іңкәр - 4а сыныбы, грамота; Берік Әрсен - 4а сыныбығ грамота. 5б сынып оқушылары: Рақымжан Бибарыс - ІІ орын; Мергенбай Иманғали - грамота; Тоқан Перизат - ІІІ орын;
«Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!»
28
май
2021
«Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!»
Қазақстан бойынша жүргізіліп жатқан «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 27 мамыр күні мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары арасында «Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!» атты «Көңілді сөре» эстафеталық ойындары өткізілді. Шара соңында 11а сыныбы ата-аналарының демеушілігімен барлық қатысушыларға балмұздақтар таратылды. "Дені сау ұрпақ — ертеңгі елдің жалғасы" демекші, балаларымыздың
«Тәуелсіз елдің – бақытты балалары»
27
май
2021
«Тәуелсіз елдің – бақытты балалары»
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кешегі күні мектебіміздің 1 сынып бүлдіршіндері арасында «Тәуелсіз елдің – бақытты балалары» атты мектеп ауласында асфальтқа сурет салу науқаны жүргізілді. Шара соңында барлық қатысушыларға мектеп ата-аналарының демеушілігімен кәмпиттер таратылды. Балаларымыздың аспаны ашық болып, езулерінен күлкі кетпесін.
"Жазғы мектеп-2021"
27
май
2021
"Жазғы мектеп-2021"
Елімізде 2021 жылдың 26 мамыр мен 19 маусым аралығында "Жазғы мектеп" ұйымдастырылуда. Осы орайда ата-аналардың өтініштері бойынша сыныптар топтастырылып, оқушыларымыз өз білімдерін шындауда.
"Түнгі қаладағы балалар"
26
май
2021
"Түнгі қаладағы балалар"
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 2021 жылдың 25 мамыр күні Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен қалалық Полиция департаменті қызметкерлері, қалалық білім бөлімі мен білім беру мекемелерімен бірлесе түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік шаралар жүргізілді. Рейдтік шара қала бойынша компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, саябақтар мен жағажайларда және көпқабатты үйлердің ауласына ұйымдастырылды. Рейд
«Қайырымды істер марафоны»
26
май
2021
«Қайырымды істер марафоны»
«Қайырымды істер марафоны» аясында мектеп ата-аналары мен мектеп ұжымының демеушілігімен «Балаға мейірім сыйла» ұранымен 2020 жылдың 1 қыркүйек пен 2021 жылдың 25 мамыр аралығында 64 оқушыға 820 400 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
"Соңғы қоңырау сыңғыры-2021"
25
май
2021
"Соңғы қоңырау сыңғыры-2021"
2021 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде "Соңғы қоңырау сыңғыры" салтанаты өткізілді. Аталмыш шара Талдықорған қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі. Әрмен қарай «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында сынып сағаттарымен ұласып жатты. Қуанышты сезіммен рухтанған жас өрендеріміздің бір легі келесі сыныпқа аттаған болса, енді бір легі үлкен өмірге қанат
Кезекті жалпыреспубликалық ата-аналар жиналыстары өткізілді
23
май
2021
Кезекті жалпыреспубликалық ата-аналар жиналыстары өткізілді
2021 жылдың 22 мамыр күні еліміздің түпкір-түпкірінде жалпыреспубликалық ата-аналар жиналыстары өткізілді. Осы орайда мектебімізде әр сынып жетекшінің ұйымдастыруымен ата-аналар жиналыстары өткізілді. Талдықорған қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиналыстар онлайн форматта ұйымдастырылды. Аталмыш жиналыс екі бөлімнен құралды: 1 бөлім - 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, жазғы мектепті ұйымдастыру және балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. 2 бөлім –