Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ахмет салған жолменен, аялап тілді келем мен» тақырыбында жас ақындармен кездесу
27
февраль
2022

«Ахмет салған жолменен, аялап тілді келем мен» тақырыбында жас ақындармен кездесу

Мектебімізде "Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл" апталығы аясында ұлттың ұлы ақыны Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған  «Ахмет салған жолменен, аялап тілді келем мен»  тақырыбында жас ақындармен кездесу кеші өткізілді. Кездесуге ҚР Жазушылар одағының мүшесі, "Отан Патриоты" медалінің иегері, ақын Жангелді Немеребаев, түрлі жыр мүшәйраларының жеңімпаздары Әмина Адайхан, Салтанат Құмархан сынды жас ақындарымыз келді. Кездесу барысында мектеп оқушылары ақын жырларын нақышына келтіріп орындап, қаламгер ағаларына шығармашылықтарына байланысты ашық әңгіме жүргізді. Тағылымды кеш ақынның жас өрендерге деген тілектері мен қолтаңба беруімен әсерлі аяқталды. Жыр сүйер қауым үшін сырлы поэзияның күйсандығы шертіліп, көңілді бір серпілткен тамаша кездесу кеші болды.