23
февраль
2022
"Кім жылдам, кім жүйрік? атты жылдам оқу сайысы өтті
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 23 ақпан күні қалалық орталық балалар кітапханасы мектебіміздің 3 сынып оқушылары арасында "Кім жылдам, кім жүйрік? атты жылдам оқу сайысын ұйымдастырды. Сайыстың нәтижесінде 124 сөз оқып 1 орынды 3ә сынып оқушысы Есентуров Айтуар жеңіп алса, 2 орынға 3а сынып оқушысы Сержанқызы Жанел және 3 орынға 3г сынып оқушысы Набиәлі Алхар ие болды. Сондай-ақ барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!




