23
февраль
2022
"Еңбегі ерен, ойы терең қайраткер"
"Балалар жылы" аясында 23.02.2022 күні мектебіміздің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен "Еңбегі ерен, ойы терең қайраткер" атты ҚР білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстазы, қоғам қайраткері, "Ерен еңбегі үшін" медалі иегері, «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы», әнші-композитор Серікжамал Нүсіпқызы Әжібековамен кездесу өткізілді. Кеш барысында қонақтарымыздың өмірбаяны мен еңбек жолдары туралы бейнетаспа көрсетілді, жас көрермендер қатарынан сұрақтар қойылып, жан-жақты тануға мүмкіндік алды. Сондай-ақ жас әншілеріміз, Нұрқасым Мубина мен Ерхан Шыңғысхан Серікжамал Нүсіпқызының әндерінен шашу шашты.




