02
март
2022
ТЖ басқармасы мұражайы мен Өрт сөндіру бөлімшелерінде «Ашық есік күні» акциясы өткізілді
2022 жылғы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу шеңберінде Талдықорған қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қалалық білім бөлімі келісімімен ТЖ басқармасы мұражайы мен Өрт сөндіру бөлімшелерінде «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Шара барысында жалпы білім беру мекемелерінің білім алушыларымен құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің арнайы техникаларымен танысу мақсатында өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару станцияларының ғимараттарында көрсету экскурсиялары ұйымдастырылды. Аталмыш шараға мектебімізден 8б сынып оқушылары қатысып, зор әсер алғандарын тілге тиек етті.








