Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
март
2022

«Қош келдің, әз-Наурыз!» - 2022

Мектебімізде 2022 жылдың 09 мен 18 наурыз күндері аралығында «Қош келдің, әз-Наурыз!» апталығы өткізілді. «Жас Ұлан» БЖ ұйымының ұйымдастыруымен "Ұлтық киім - асыл мұра" атты ұлттық киім киіп келу челленджі жүргізілді. Мектеп кітапханасында «Ұлттық дәстүр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, танымдық сағаттар өткізілді. «Бақ дарытар құт Наурыз!» тақырыбында жас суретшілер мен «Наурыз қоржын» тақырыбында ұлттық ойыншықтар әзірлеу шеберлік сағаттары өткізілді. Жоғары сыныптарда «Наурыз: Көрісу-Амал мерекесі» тәлім сағаттары өткізілсе, орта буын және бастауыш сыныптарда "Наурыз - Ұлыстың ұлы күні", "Ұлттық ойынндар", "Салт-дәстүрлер" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Ал апталық соңыңда «Ұлттық ойын – Ұлт қазынасы» атты ұлттық ойындар фестивалі өткізіліп, мектептің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.