Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2021

«Қош келдің, әз-Наурыз!»

Наурыз мейрамын салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, азаматтық қоғамдағы достық пен сенімді нығайтуды, отбасы құндылықтарын, экологиялық мәдениет пен қайырымдылықты насихаттау мақсатында мектебімізде 2021 жылдың 15- 19 наурыз күндері аралығында «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік апталық өткізілді. Апталық аясында «Жұлдызды балалар» ән айту челлендж-байықауы, «Жеті ата» челленджі, «Ұлық меркенің ұлттық ойындары», «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз» тақырыптарында сурет салу байқауы, «Домбыра-live» ұранымен дәстүрлі ән айту мен күй шерту эстафеталары және әр сыныпта тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 1 сыныптарда «Арқан тартыс», «Хан талапай», «Асық ату» ойындары, қыздар арасында «Мың бұралған биші қыздар» би өнері мен «Шебер қолдар» тақырыбында қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен таныстырып, ойындар ойнатылды, сурет арқылы «Қазақтың үлттық тағамдары» таныстырылды. 6-9 сыныптар арасында «Ұлы дала жаршысы» тақырыбында эссе жазылды. 10 сыныптың «Адал ұрпақ» мүшелерінің арасында «Адалдық алаңы» пікір талас ойыны өткізілді.