21
ноябрь
2020
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
2020 жылдың 16 - 20 қараша күндері аралығында мектебімізде «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты апталық өткізілді. Апталық аясында барлық сыныптарда тақырыпқа сай сынып сағаттары, 8 сынып оқушылары арасында «Туым намыс, ұраным бірлік, рәміздерім мақтанышым» атты зияткерлік ойын, 2 - 6 сыныптарда «Рәміздерім - мақтанышым» атты сурет салу көрмесі, 1-10 сыныптарда «Мен Туымды мақтан етемін» - бейнеролик челленджі өткізілсе, мектеп кітапханасында орналасқан ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған бұрышқа танымдық саяхат ұйымдастырылды. Апталықтың басты мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.