26
март
2018
"Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 20 наурыз күні мектебімізде "Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп алаңында концерттік бағдарлама, спорттық ойындар мен ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Мектеп асханасында әр сынып наурыз көже таратып, ұлттық тағамдардан дастархан жайды. Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.