Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2025

«Оюдың айтар ойы бар»

2025 жылдың 23 сәуір күні мектебімізде "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" бағдарламасы жоспарына сай мектебімізде «Оюдың айтар ойы бар» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары тақырыпқа сай сахналық көріністер қойып, би билеп, патриоттық әндер шырқады. Шараның басты мақсаты: «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасының ауқымды идеяларын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру. Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық ою-өрнектердің ерекшеліктерін түсіндіру. Халқымыздың асыл мұрасын, салт–дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Осы игі шараға ұлт аманатын арқалап, жастар тәрбиесіне жандары ашып жүрген азаматтарымыз, қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері: қалалық ардагерлер кеңесі әдістеме бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрайымы Каримова Гүлнар Ақойқызы, ардагерлер кеңесінің мүшелері Исмаилов Құрмаш, Шыңғожанова Нұртай Уалиқызы, Сағатбекова Назипа Қапанқызы және Сейітқұлова Дәнегүл Рахымқызы қатысып, өздерінің оң бағаларын беріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын білдірді. Мектеп әкімшілігі барлық қатысқан оқушыларға және осы іс-шараны ұйымдастыруда өз үлестерін қосқан мұғалімдерге алғыстарын білдіреді.