25
ноябрь
2017
«Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле»
2017 жылдың 24 қараша күні мектебіміздің мәжіліс залында "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" бағдарламасы бойынша «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» атты қалалық сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеяларын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру және өскелен ұрпақты халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі, ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Аталмыш шараға ұлт аманатын арқалап, жарғақ құлақтары жастыққа тимей, жастар тәрбиесіне жандары ашып жүрген асыл аталарымыз бен апаларымыз келіп қатысты. Олар:
1.Жақатаева Зәуреш Әнуарбекқызы- қалалық ардагерлер ұйымының әдіскері.
2. Сағатбекова Назипа Қапанқызы- қалалық ардагерлер әжелер ұйымының төрайымы.
3. Сейітқұлова Данагүл Рақымқызы- әжелер ұйымының мүшесі.
4. Кенжехан Рақыш- журналист, қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі.
5. Әділханов Мұрат Дәулетұлы- қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі.
Сондай-ақ қала мектептерінен бастауыш әжелер ұйымының төрайымдары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары келіп қатысты. Іс-шара соңында келген қонақтар ұйымдастырушылар мен оқушыларға өз алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.