Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты
05
май
2023

«Дені сау ұрпақ – ел болашағы» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты

2023 жылдың 04 мамыр күні мектебімізде "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" бағдарламасы жоспарына сай және грек-рим күресінен Тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың туған күніне орай «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары жүректі тебірентер сахналық көріністер қойып, патриоттық әндер шырқады. Шараның басты мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ауқымды идеяларын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Адам денсаулығын және жеке бас гигиенасын сақтауды дәріптеу болып табылады. Осы игі шараға ұлт аманатын арқалап, жастар тәрбиесіне жандары ашып жүрген азаматтарымыз, қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері: қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қожабеков Мұратбек Қабылбекұлы, қалалық ардагерлер кеңесі әдістеме бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрайымы Каримова Гүлнар Ақойқызы, Шыңғожанова Нұртай Уалиқызы, әжелер төрайымы Сағатбекова Назипа Қапанқызы және Сейітқұлова Дәнегүл қатысып, өздерінің оң бағаларын беріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын білдірді. Мектеп әкімшілігі барлық қатысқан оқушыларға және осы іс-шараны ұйымдастыруда өз үлестерін қосқан мұғалімдерге алғыстарын білдіреді. https://www.instagram.com/p/Cr0g-hlghRr/?hl=ru   https://www.instagram.com/p/Cr08-K-g82u/?hl=ru