14
июнь
2024
«Жолың болсын, Жас түлек!»
2024 жылдың 14 маусымында мектебімізде мектеп бітірушілерге арналған «Жолың болсын, Жас түлек!» атты салтанатты жиын өткізілді. Талай шәкіртке тәлім беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берген Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі 34-ші түлектері, 50 шәкіртіне кәмелеттік аттестат тапсырып, үлкен өмір жолына аттандырды. Осы оқу жылында 2 түлегіміз: Ариланова Аида мен Қуан Жанел «Алтын белгі» төс белгісіне ие болса, 4 түлегіміз: Иматай Сұлтанғали, Түркістан Аруна, Ерболқызы Жанбота, Садықов Алихан «Үздік аттестатқа» ие болды. Сонымен қатар 2018 жылы мектебімізде тұңғыш рет ашылған кадет сыныбы түлектері мектепті абыроймен бітіріп, қосымша сертификат пен алғыс хаттарға ие болды. Салтанатты шараға Жетісу облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Солтанбеков Әли Солтанбекұлы және Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Мадияр Тұрсынұлы қатысып, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, түлектерге сәт сапар тіледі. Шара барысында оқушылар мен ата-аналар ұстаздарға деген алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Түлектеріміз мектепке, ұстаздарға деген қимастық сезімдерін әнмен әрлеп, бимен көркемдеді. Аталмыш шара "Мектеп бітіру кеші тұжырымдамасына" сай өткізілді.


















