Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп бітірушілерге мемлекеттік аттестат тапсыру рәсіміне арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты салтанатты іс-шара өткізілді
16
июнь
2021

Мектеп бітірушілерге мемлекеттік аттестат тапсыру рәсіміне арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты салтанатты іс-шара өткізілді

2021 жылдың 14 маусымында мектебімізде мектеп бітірушілерге мемлекеттік аттестат тапсыру рәсіміне арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Талай шәкіртке тәлім беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берген Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі 31-ші түлектері, 41 шәкіртіне кәмелеттік аттестат тапсырып, үлкен өмір жолына аттандырды. Осы оқу жылында 6 түлегіміз, Атайбек Аружан, Айтбаева Жұлдыз, Жұмабай Олжас, Мустапаева Эльдана, Қажығалиұлы Қажымұрат, Сайлаубай Әмір «Алтын белгі» төс белгісіне ие болса, тағы бір түлегіміз, Әсетқызы Аяжан «Ерекше аттестатқа» ие болды. Сондай-ақ жекелеген пәндерден ерекше үлгерім көрсеткен түлектерімізге Құрмет грамотасы тапсырылды. Салтанатты шара барысында оқушылар мен ата-аналар ұстаздарға деген алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Аталмыш шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді. Ақ жол саған, жас түлек!!!