Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июнь
2022

"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі"

"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 16 маусымында мектебімізде мектеп бітірушілерге "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" ұранымен мемлекеттік аттестат тапсыру рәсіміне арналған «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Талай шәкіртке тәлім беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берген Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі 32-ші түлектері, 50 шәкіртіне кәмелеттік аттестат тапсырып, үлкен өмір жолына аттандырды. Осы оқу жылында 2 түлегіміз, Төлеуғазина Айгүл мен Серікбек Жібек «Алтын белгі» төс белгісіне ие болса, тағы бір түлегіміз, Тоқтамыс Ақмарал «Үздік аттестатқа» ие болды. Шара барысында оқушылар мен ата-аналар ұстаздарға деген алғыстарын айтып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Түлектеріміз мектепке, ұстаздарға деген қимастық сезімдерін әнмен әрлеп, бимен көркемдеді. "Оқуға құштар мектеппіз!" жобасы аясында ата-аналар тарапынан мектепке кітаптар сыйға тартылды. Аталмыш шара "мектеп бітіру кеші тұжырымдамасына" сай өткізілді. Ақ жол саған, жас түлек!!!





[media=https://www.instagram.com/p/Ce3LGzLglGW/?hl=ru]