12
июнь
2024
Сәт сапар, жас түлек!
12.06.2024 күні мектебімізде 9-сыныптың түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Негізгі орта білім туралы “Үздік аттестат” 8 оқушыға табысталды. Жиында мектеп директоры С.Б.Жанаберлиева мектеп түлектеріне деген ақжарма тілегін арнап, ақ жол тіледі. Шара барысында сөз алған түлектер ұстаздарға алғыстарын білдіріп, сыныптастарына үлкен өмірге сәттілік тіледі. Өз кезегімізде біз де түлектерімізге жарқын болашақ тілей отырып, мектебімізде асыға күтетінімізді жеткізгіміз келеді. Сәт сапар, жас түлек!
Видеосы: https://www.instagram.com/p/C8HWVxyCdQZ/




Видеосы: https://www.instagram.com/p/C8HWVxyCdQZ/




