18
декабрь
2023
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат» атты танымдық-ағартушылық онкүндігі
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 2023 жылдың 05 – 15 желтоқсан күндері аралығында «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат» атты танымдық-ағартушылық онкүндігі өткізілді.
1-2 сыныптарда «Мен өз елімнің ұланымын» атты тәрбие сағаттары тәрбие сағаттары, 3-4 сыныптарда «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық сағаттары өткізілді.
5-8 сыныптарда «Ұлттық рух – Тәуелсіздік тірегі» - зияткерлік ойындар өткізілді.
9-10 сыныптармен «Тәуелсіздік: мәңгілік елдің берік тұғыры» - конференция және тапқырлар сайысы өткізілсе, 11 сыныптарда «Тәуелсіздікті ұстап тұру білімді жастардың қолында», тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды.
АӘТД пәні оқуытушыларының ұйымдастыруымен кадет сыныптары арасында «Саптық және ән байқауы» мектепішілік байқауы өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша 4 команда ішінен Бас жүлдені «Бүркіт» тобы жеңіп алды.
Сондай-ақ «Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!» эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, өз жеңімпаздарын анықтады.
Сонымен қатар мектебіміздің тарих және құқық пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ұлы тарих - кемел келешекке жетелейді!" атты танымдық сағат өткізілді. Аталмыш шараға арнайы шақырылған "Тұғыр" этно-шоудың актерлері, батыр-каскадерлары Сарсенов Рулан мен Бекайдаров Азат қатысты.
"ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА" жобасы аясында 2023 жылдың 13 желтоқсаны күні мектеп оқушылары арасында "Шығарма жазу: Болашаққа хат" челленджі ұйымдастырылды. 10в сыныбы оқушысы Адельбаева Бибінұрдың жазған ЭССЕ жұмысы үздік деп танылды!