15
декабрь
2018
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат»
2018 жылдың 11-14 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге орай «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат» ұранымен апталық өткізілді. Апталық аясында мектеп кітапханасында "Тәуелсіздік тірегіміз!" атты көрме ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарда "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!" тәлім сағаттары, 5-7 сыныптарда «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры!» тақырыптарында сынып сағаттары, 8-11 сыныптарда «Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында» тақырыбында семинар сағаттары өткізілді. Сондай-ақ 9 сыныптар арасында "Тәуелсіздік тұғырым!" атты тапқырлар сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздары анықталды. 2 сыныптардың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ал 6 сыныптардың ұйымдастыруымен «Ел бірлігі – Тәуелсіздік тұғыры!» атты салтанатты жиын өткізілді. Аталмыш жиында бірқатар ұстаздар мен жұмысшылар арнайы марапаттарға ие болды, ал Тәуелсіздік құрдастары, 1991 жылы туылған ұстаздарға сыйлықтар табысталды. Іс-шаралардың басты мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.